jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Алматы облысында жүзден аса үйді жауын суы шайып кетті (фото)

    : Facebook

    Панфилов ауданында жауын суы бірнеше көше мен жүзден аса үй ауласын су басты деп хабарлайды ІІМ-нің ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Алматы облысында жүзден аса үйді жауын суы шайып кетті (фото)
    Фото: ІІМ ТЖК: Facebook

    Төтенше жағдай үшінші маусым күні Пиджим ауылында болған.

    "Ауа райының күрт жылынуы мен жауын-шашын салдарынан тау аймақтарында жауын суының беткейлік ағыны орын алды. Соның салдарынан бірнеше көше мен тұрғын үй аулаларын су басты", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
    Алматы облысында жүзден аса үйді жауын суы шайып кетті (фото)
    Фото: ІІМ ТЖК: UGC

    Су деңгейінің көтерілуі салдарынан Пиджим ауылының Жібек жолы, Уалиханов, Райымбек, Желтоқсан, Мұхамәди көшелеріндегі үй аулаларын су басты.

    Алматы облысында жүзден аса үйді жауын суы шайып кетті (фото)
    Фото: ІІМ ТЖК: Getty Images

    Сондай-ақ республикалық маңызы бар Жаркент-Хоргос тасжолы да су ағысының астында қалды.

    Алматы облысында жүзден аса үйді жауын суы шайып кетті (фото)
    Фото: ІІМ ТЖК: Getty Images

    Оқиға орнында Панфилов ауданының әкімінің жетекшілігімен арнайы штаб құрылды.

    Жаркент қаласының 33 жол бөлігінің қызметкерлері мен Панфилов ауданының полиция бөлімі су басу қаупі төніп тұрған үйлердің тұрғындарына ескерту жасады. Эвакуацялау қажет болған жағдайға арнап "Әділ" кафесі дайындалып қойылды.

    Алматы облысында жүзден аса үйді жауын суы шайып кетті (фото)
    Фото: ІІМ ТЖК: UGC

    06:30 жағдай бойынша тұрғындар эвакуацияланбаған, шағым түспеген.

    Алдын ала мәлімет бойынша 270 аса тұрғын үй ауласын су басқан.

    Тұрғын үйлер мен қосымша құрылыстардың қирауы жөнінде ақпарат жоқ. Тексеру жұмыстары жалғасуда.

    Су басу салдарынан зардап шеккендер мен құрбандар тіркелмеген.

    ТЖК мәліметінше, қазір су ағуы тоқтаған.

    Алматы облысында жүзден аса үйді жауын суы шайып кетті (фото)
    Фото: ІІМ ТЖК: UGC

    Су басу салдарын жоюға 190 адам мен 40 техника жұмылдырылған. Жұмыстарға Алматы облысы ТЖД, жергілікті атқарушы органдар, "Қазселденқорғау" ММ, әскери қызметкерлер мен Панфилов ауданының полиция бөлімі атсалысуда.

    Халықты тіршілікпен қамтамасыз ету жүйелері (электр тогы мен су) штатты режимде жұмыс істеуде.

    Баспасөз қызметі төтенше жағдайдың орын алуына қазіргі арық жүйесінің су көлемін еңсере алмағаны себеп болғанын айта кетті.

    Алматы облысында жүзден аса үйді жауын суы шайып кетті (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.