jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Риза Шайқақ
    Риза Шайқақ
    Бұрынғы қызметкер

    "Бәрі шошып кетті": Қарағандылық жүргізуші сұмдық оқиға қалай болғанын айтты

    : UGC

    Қарағандыда 8 қазан күні кеш батқан уақытта аялдамалардың бірінде қоғамдық көліктерге оқ атқан қаскөйлер әлі табылған жоқ. Ресми мәліметтер бойынша, зардап шеккендер жоқ. Бірақ бір жолаушы психологиялық көмекке жүгінген деп хабарлайды "Астана" арнасы.

    "Бәрі шошып кетті": Қарағандылық жүргізуші сұмдық оқиға қалай болғанын айтты
    Куәгерлердің видеосынан алынған кадр: Facebook

    Белгісіз біреулер аялдамаға тоқтаған 4 автобусқа оқ жаудырған.

    45-ші бағыттағы автобус жүргізушісі Ермек Сыздықов тапанша дауысын естілмегенін айтады.

    Тек бір жолаушының сасқалақтап автобустан шығуға тырысып жүргенін көрген.

    "Мындағы әйнекте жарықшақ пен үлкен тесік пайда болды. Жолаушылар оны ұстайды, мен оларға тиіспе деп айқайладым. Бәрі шошып кетті. Біреулер оқ атып жатты. Содан кейін 40-шы автобус келді. Полиция қызметкерлері  де болды. Ол кезде аялдамадғы  адамдар қашып кетті", - дейді Ермек Сыздықов.

    Куәгерлердің айтуынша, автобус ішінде де, аялдама да да адам қарасы көп болыпты. Олар сол сәтте бас сауғалап жан-жаққа қаша жөнелген.

    "Елестетіп көріңізші, олар бізге оқ жаудырып жатыр. Қатты қорықтық. Барлық жолаушылар жақсы, тек біреуі жеңіл соққы алды", - дейді автобус кондукторы.

    Облыстық денсаулық сақтау басқармасы ер адамның жеңіл соққы алғанын мәлімдеді. Оған психологиялық көмек көрсетілген.

    Полиция оқ атқан күдіктілерді іздеу үстінде. Шабуылдаған адам пневматикалық қаруды пайдаланған деп отыр.

    Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін 8 қазан күні белгісіз азаматтар Қарағандыдағы ең танымал бағыттағы №40, №45 және №33 автобустарға шабуылдағаны туралы хабарлаған болатынбыз.

    "Бәрі шошып кетті": Қарағандылық жүргізуші сұмдық оқиға қалай болғанын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.