jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Алматыдағы ұшақ апатының болжалды екі себебі айтылды

    : Facebook

    Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр, ішкі істер вице-министрі Юрий Ильин, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Алматыдағы Bek Air әуе компаниясының апатқа ұшыраған жеріне барды. Мән-жаймен танысқан соң БАҚ өкілдерінің алдында мәлімдеме жасалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

    Фото : zakon.kz
    Фото : zakon.kz: Facebook

    Үкіметтік комиссия өкілдері апаттық жұмыстарға қатысты пікір білдірді.

    "Ұшақ апатқа ұшырау алдында "құйрығымен" жерге екі рет тиген, шассилері жиналып тұрған. Апаттың пилот қателігінен немесе техникалық себептен болғанын комиссия анықтайды. Оған Халықаралық авиация комитеті қатысады. Ұшу алабы өте жақсы жағдайда болған", – деп мәлімдеді вице-премьер.

    Айта кетерлігі, апатқа ұшыраған ұшақ бортында 93 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған. Нақты 12 адам қаза болғаны туралы ақпарат бар: олардың сегізі оқиға орнында, екеуі ауруханада және екеуі әуежайда қайтыс болған.

    Қазіргі уақытта 49 адам ауруханаға жатқызылды, 18-і ауыр хәлде.

    Үкіметтік комиссия оқиға орнында жұмыс жүргізуде. Сондай-ақ ол жерде Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров бар. Алматы қалалық және облыстық ТЖД қызметтері, полиция мен өзге де қызметкерлер барлық қажетті жұмыстарды атқаруда.

    Еске сала кетсек, бүгін 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының рейсі

    апатқа ұшырады

    .

    Бұған дейін апаттан қаза тапқандардың нақты саны мен есімдері белгілі болғанын хабарлағанбыз.

    Ал зардап шеккендер тізімін мына жерден көруге болады.

    Алматыдағы ұшақ апатының болжалды екі себебі айтылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.