jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Суданда әскери ұшақ құлап, 18 адам қайтыс болды

    : Facebook

    Батыс Дарфурда (Судан) 2 қаңтар күні кешке "Ан-12" әскери ұшағы құлады, қаза болғандар бар деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

    Көрнекі фото: pixabay.com
    Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

    Ұшақ Батыс Дарфурдағы әскери әуе базасынан шыққаннан кейін бірден құлады деп хабарлады Al Arabiya.

    Әуе апаты 18 адамның өмірін қиды. Олардың арасында әскери қызметкерлер, судьялар мен төрт бала болды.

    "Ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін бес минут өткен соң апатқа ұшырады, салдарынан жеті адамнан тұратын экипаж, үш судья және сегіз қарапайым азамат қаза болды, олардың арасында төрт бала бар", - деді Судан әскерінің ресми өкілі Амера Мұхаммед әл-Хасан.

    Төрт моторлы ресейлік ұшақ Хартумға бет алған. Ол жақтан Батыс Дарфур провинциясының астанасы – Эль-Генейне қаласына гуманитарлық көмек тасымалдаған. Бұл жерде 29 желтоқстанда ұлтаралық қақтығыстар болған. Былтыр Ан-12 маркалы әскери жүк ұшағы құлаған болатын. Олар да әуеге көтерілген бойда апатқа ұшыраған. Судан армиясының ресми өкілі осы жолғы апаттың себебін атаған жоқ.

    Айта кетсек, 27 желтоқсанда Алматыда Bek Air әуе компаниясына тиесілі Fokker-100 ұшағының апатқа ұшыраған сәтінен ғаламтор беттерінде бірнеше видео жарияланды.

    Жарияланған кадрларға сәйкес, апатты Алматы әуежайындағы периметрді түсіретін бейнебақылау камералары таспалаған.

    Бейнежазбалардың бірінде ұшу-қону жолағындағы ұшақтың қозғалысын көрсететін екі нүктені көруге болады. Артынша қатты жарықтар пайда болған. Дәл осы сәтте мәселелер туындаған болуы мүмкін.

    Суданда әскери ұшақ құлап, 18 адам қайтыс болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.