jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Қостанайдағы зиратта тоңып қалған ер адам ес-түссіз жатқан жерінен табылды

    Тоңып қалған ер адам
    Фото: Қостанай облыстық ҚАЖД

    2020 дылдың 31 желтоқсан күні әділет кіші сержанты Жәнібек Қайыпов Қостанайдағы УК-161/11 мекемесінен шыққан. Үйге қайтып келе жатқанда зират қасында ес-түссіз жатқан азаматты көріп, көлігін бірден тоқтатқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ өңірдің ҚАЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Көлікке отырған азаматтың есімі Виталий екені белгілі болды. Ол өз туысын еске алу үшін зират басына келген. Қатты суықтан жаураған соң біршама уақыттан кейін есінен танып қалған. Сондай-ақ, қала тұрғыны анасымен тұратынын, өз жанұясы жоқ екенін айтқан.

    Айта кетейік, Павлодар облысында тас жолда тұтас бір отбасы бұзылған машинада үсіп қала жаздады.

    Ағымдағы жылдың 4 қаңтарында Павлодар облысының тұрғыны Павлодар қаласынан отбасымен Ақтоғай облысына қарай жолға шыққан. Жолда температураның тым төмен болуына байланысты ер адамның көлігі істен шыққан.

    "Біраз уақыттан кейін тоңа бастадық, тас жолда көліктер болмады және ешкім өтпеді. Бір уақытта мен отбасым үшін қорқа бастадым", – деп мойындады жүргізуші. Бұл отбасының құтқарылу туралы үміттері үзілген кезде патрульдік полиция қызметкерлері келіп, көмекке мұқтаждықтарын сұрады. "Жігіттер тоқтап, көліктің бұзылу себептерін сұрап, ыстық шай беріп, көлікті Ақтоғай өңіріне, тіке үйге қарай сүйреп әкелді", – дейді отағасы.

    Жүргізуші полиция қызметкерлеріне 40 градус аязда отбасымен қиын жағдайға қалуға жол бермегені үшін алғыс айтты.

    Ал Павлодарда бірнеше күннен бері ауа температурасы - 40 градусқа дейін жетіп, аяз қатты болып жатыр.

    Қостанайдағы зиратта тоңып қалған ер адам ес-түссіз жатқан жерінен табылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.