jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Павлодарда - 40 градусқа жеткен аязда кіреберіс есігі қатып қалған

Аяз
Видеодан кадр: instagram.com/tipavlo

Павлодарда бірнеше күннен бері ауа температурасы - 40 градусқа дейін жетіп, аяз қатты болып жатыр. Қолайсыз ауа райы салдарынан кіреберістегі есіктер мен қабырғаларға мұз қатып қалған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видеоролик Instagram желісіндегі tipavlo парақшасында жарияланған. Кадрларда кіреберістегі есіктің мұз болып қатып қалғаны көрінеді.

"Қараңдаршы. Мен далаға шықпайтын сияқтымын", - дейді кадр сыртындағы дауыс.

Оқырмандар жарыса пікір жазып, қалжыңдай бастаған.

"Иә, есік ашыла қоймайды", "Менің тоңазытқышым ас үйден жылы", "Мұзды кезең", Қатал павлодарлық үйлер", - дейді оқырмандар.

Gismeteo деректеріне сүйенсек, Павлодарда 5 қаңтарда -32 градус аязды көрсетіп тұр. Болжамға сәйкес, қалада -24 градусқа дейін жылынады.

Еске сала кетсек, Қазгидрометтің синоптиктері кейбір облыстарда дауылды ескерту жариялаған еді.

5 қаңтар күні Шығыс Қазақстан облысында үскірік аяз болады, кей жерлерде ол – 42 градусқа дейін жетеді. Ауа райы болжамының дәлдігі 95-100%.

5 қаңтар күні Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түседі. Шығыстан жел соғып, күндіз желдің екпіні секундына 15 метрге жетеді. Ауа райы болжамының дәлдігі 85-90%.

5 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Петропавлда 5 қаңтар күні күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа райы болжамының дәлдігі 90-95%.

Павлодарда - 40 градусқа жеткен аязда кіреберіс есігі қатып қалған

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.