jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Риза Шайқақ
    Риза Шайқақ
    Бұрынғы қызметкер

    Жамбыл облысындағы апат: 8 пойыздың қозғалысы тоқтатылды

    пойыз
    Көрнекі фото: ru.freepik.com

    Жүк пойызының вагондары рельстен шығып қалғаннан кейін пойыздар қозғалысы қайтадан іске қосылды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    «Қазақстан темір жолының» мәліметінше, вагондардың рельстен шығып қалуы нәтижесінде теміржол мен жылжымалы құрам зақымданған.

    Пойыздардың көршілес жол бойымен жүру өлшемі бұзылғандықтан пойыздардың қозғалысы уақытша тоқтатылып отыр.

    «Жол басқармасы бастығының бұйрығымен оқиға салдарын жою үшін оқиға орнына жедел түрде Алматы мен Шу станцияларынан арнайы қалпына келтіру пойыздары жіберілді. Қалпына келтіру жұмыстары тұрақты режимде жүргізілді. 6 ақпан күні сағат 21.01-де осы учаскеде пойыздардың қозғалысы сағат бойынша қалпына келтірілді», - делінген баспасөз хабарламасында.

    Оқиға салдарынан пойыздар кестесі өзгерген.

    Барлығы сегіз пойыздың қозғалысы бөгелген болса, оның төртеуі - жолаушылар пойызы.

    Оқиғаның себептерін анықтау үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның арнайы комиссиясы құрылғандығы атап өту керек.

    Жамбыл облысындағы апат: 8 пойыздың қозғалысы тоқтатылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.