jitsu gif
Оқыс оқиға

    Алматы маңындағы ауылда ер адамға оқ атылды: Полиция күдіктіні іздестіріп жатыр

    мылтық
    Көрнекі фото: 24.kz

    Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шалқар ауылында белгісіз біреу ер адамның аяғына оқ атты. Оның жағдайы өте ауыр. Полиция күдіктіні іздеуде деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады. Бейнежазбада куәгерлер қарулы шабуылдың орнын көрсетеді. Сондай-ақ онда оқиға салдарынан егде жастағы адамның жараланғаны айтылады.

    Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 24 сәуірге қараған түні болған. Шалқар ауылының 62 жастағы тұрғыны зардап шеккен.

    «Тексеру барысында Қаскелеңнің 29 жастағы тұрғыны анықталды. Оны ұстау бойынша жедел іздестіру іс-шаралары жүріп жатыр. Бұл факт «адам өлтіруге оқталу» әрекеті ретінде тіркелді. Істің себептері мен мән-жайы анықталады. Өзге ақпарат жария етілмейді», - деді Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

    Дәрігерлер зардап шеккен адамның сол аяғын оқ тесіп өткенін айтты. Ол шамамен сағат 23.00-де Қарасай аудандық орталық ауруханасына жеткізілген. Ер адамның жағдайы өте ауыр.

    «Науқас реанимация бөліміне түсті. Ол сол жақ аяғынан жараланған. Сол жақ жіліншігіне оқ тиген. Аяғының екі сүйегінің жоғарғы бөлігі сынған. Жалпы жағдайы өте ауыр. Жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр», - деп хабарлады облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан.

    Еске сала кетейік, 24 сәуір күні Алматыда тұрғын үй кешенінің күзетшісі аңшы мылтығынан жарақат алды.

    Полиция департаментінің мәліметінше, күзетші мен белгісіз ер адамның арасында жанжал туындап, салдарынан тұрғын күзетшіні аңшы мылтығымен аяғынан атқан.

    Алматы маңындағы ауылда ер адамға оқ атылды: Полиция күдіктіні іздестіріп жатыр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.