jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Шығыс Қазақстанда "коронавирустық" бұршақ жауды (видео)

    Бұршақ
    Кадр: "Астана" телеарнасы

    Шығыс Қазақстан облысында бұршақ жауды. Жергілікті тұрғындар бұршақтың пішіні коронавирустың молекуласын еске түсіретіндіктен, оны "коронавирустық" бұршақ деп атауда.

    Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарын бұршақ пен дауыл әбігерге салды деп хабарлайды "Астана" арнасы.

    Алтайда электр желілері үзіліп, ондаған ағаш құлады, үш үйдің шатыры зақымдалды. Сондай-ақ, Өскеменде жауын-шашынның айлық нормасы бір сағатта түскені хабарланды. Көшелер суға толды.

    Жүргізушілердің дені суға толы жолдармен жүруге батылы бармай, коммуналдық қызметтердің көмегіне жүгінді. Көшені судан тазартуға бірден 10 бригада жұмылдырылды. Сондай-ақ, олар нөсерлік құдықтарды тазалауға кіріскен.

    "Жауын-шашын, негізінен, жалғасуы мүмкін. Жауын-шашын болады деген қауіп бар. Сондықтан, нөсер канализациялары, люктер тексеріліп, бәрі жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізілуде", - дейді тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының баспасөз хатшысы Владимир Землянский.

    Аймақта алдағы күндерге дауыл туралы ескерту жарияланғандығы атап өтілді.

    Еске салайық, дауылды ескерту тек Шығыс Қазақстан облысында ғана жарияланған жоқ. Қазақстанның басым бөлігінде қолайсыз ауа райы күтіледі.

    "Қазгидромет" РМК өкілдері 13-15 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынып, еліміздің басым бөлігінде циклон мен фронтальды бөліктердің әсерінен күн салқындап, жаңбыр жауатынын ескерткен еді.

    Шығыс Қазақстанда "коронавирустық" бұршақ жауды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.