jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Алматы маңындағы танымал туристік бағыттардың бірінде сел жүріп өтті (видео)

    Сел
    Кадр: Instagram / tamyr.school

    Алматы билігі туристерді жақында болған Сол Талғар шатқалындағы селге байланысты қауіпті аймақта жүрмеуді сұрады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап.

    Әкімдікте хабарлағандай, қазіргі таңда Сол Талғар шатқалындағы селге байланысты бұл аймақпен өту мүмкін емес.

    "2021 жылдың 27 шілдесінде Сол Талғар шатқалында туристер үшін қауіпті кедергіге айналған сел тасқыны болды. Атап айтқанда, Үлкен Алматы көлінен Турист асуы арқылы өтетін танымал туристік бағытпен жүруге шешім қабылдағандар үшін", - делінген хабарламада.

    Төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында Алматы әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарына аталмыш туристік бағытпен жүруден бас тартуды ұсынады.

    Айта кетсек, бұл туристік бағыт - Іле Алатауындағы ең танымал треккинг-бағыттардың бірі. Ол Шымбұлақ тау шипажайынан Үлкен Алматы көліне дейін Талғар және Турист асулары арқылы өтеді. Маршрут бойынша екі бағытқа да өтуге болады.

    Еске салсақ, 12 шілде күні Қырғызстанда сел жүріп, бір отбасыдан 6 адам көз жұмғаны хабарланған еді.

    "Қайғылы жағдай Жолборсту ауылында болды, қайтыс болған азаматтар шатырда болды: 63 жастағы әйел, оның 40 жастағы қызы және 16, 12, 7 және 3 жасар немерелері. Одан бөлек 12 жасар бала отбасына қонаққа келгені анықталып отыр. Барлығын сел алып кетті. Таштак ауылында сел бес жасар баланы алып кетті", - деді Ақ-Жол ауылының басшысы Тологон Сұлтанмұратов.

    Алматы маңындағы танымал туристік бағыттардың бірінде сел жүріп өтті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.