jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Кенесхан
    Айтолқын Кенесхан
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Жамбыл облысындағы жарылыстан төрт әскери қызметкер қаза тапты

    Жарылыс
    Кадр: Instagram / kris_p_kz

    Кеше, 26 тамыз күні Жамбыл облысындағы Қорғаныс министрлігі қоймасында болған жарылыстан төрт әскери қызметкер қаза тапты. Бұл туралы қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев онлайн-брифинг кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    "Біріншіден, өрт сөндіру кезінде қайтыс болған төрт әскери қызметкердің жақындары мен туыстарына көңіл айтамын. Зардап шеккендерге тезірек сауығып кетуін тілейміз", - деді министр.

    Зардап шеккендердің барлығына медициналық көмек көрсетілуде.

    Айта кету керек, қайтыс болғандар қатарында азаматтық тұлғалар жоқ. Бүгін ТЖ салдарынан алты адамдың халі ауыр екені белгілі болды. Ауруханада 28 адам жатыр. Бастапқыда 66 адамның зардап шеккені туралы ақпарат тараған.

    Еске салсақ, бұған дейін Жамбыл облысында әскери бөлім қоймасының маңынан өрт шығып, жойқын жарылыс болғаны хабарланған еді.

    Төтенше жағдайға байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында пікір білдірді.

    Президент оқиға орнына шұғыл түрде Қорғаныс және Төтенше жағдайлар министрі сондай-ақ, Ішкі істер вице-министрі аттанғанын және аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлім етті.

    Жамбыл облысындағы жарылыстан төрт әскери қызметкер қаза тапты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.