jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Әсел Дағжан
    Әсел Дағжан
    Бұрынғы қызметкер

    Қапшағайдан 3 тонна өлі балық табылып, қылмыстық іс қозғалды (видео)

    Судағы балықтар
    Балықтар. Көрнекі фото: Pexels.com

    Қапшағай су қоймасында бірнеше тонна балықтың қырылуы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы өзінің Instagram парақшасында хабарлады.

    Бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіде Қапшағай жағасында қырылып қалған шабақтардың видеосы тарады. Тиісті сала мамандарынан құралған комиссия оқиға орнына барған болатын.

    Қазір мамандар шабақтардың қырылу себептерін анықтау үшін тиісті зерттеулер жүргізуде. Гидрохимиялық талдау нәтижелері 3 күннен кейін, токсикологиялық және ихтиопатологиялық талдау нәтижелері 1 айдан кейін белгілі болады.

    "2-3 қарашада Лев горы ауданында Қапшағай су қоймасының 11 балық шаруашылығы учаскесінде Балқаш-Алакөл облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясы және "Айна Су" ЖШС қорықшылық қызметі қызметкерлерінің күшімен санитарлық нормаларды сақтай отырып, қырылған балық шабақтарын жинау жүргізілді. Қырылған балық шабақтарының жалпы салмағы 1232 кг құрады (қаракөз балығының сеголеткалары)", – делінген хабарламада.

    Бұдан басқа, көрсетілген факт бойынша Қылмыстық кодекстің 328-бабының белгілері бойынша (жер үсті немесе жер асты суларының, мұздықтардың, ауыз сумен жабдықтау көздерінің ластануы, бітелуі, сарқылуы не егер бұл елеулі экологиялық залал келтіруге немесе адам денсаулығына зиян келтіруге әкеп соқтырса немесе әкеп соқтырса, олардың табиғи қасиеттерінің өзге де өзгеруі) қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта балық ресурстарына келтірілген залал есебі жүргізілуде.

    Экология департаменті тиісті талдаулар жүргізу үшін су сынамаларын алды.

    Кейінірек басқа учаскеден өлі балықтардың да табылғаны атап өтілді. Қазір балық табылған жерде инспекцияның, жергілікті атқарушы органның, экология және полиция департаменттерінің, табиғатты қорғау прокуратурасының қызметкерлері жүр. Алдын ала мәлімет бойынша, екінші учаскеден шамамен 3 тоннаға жуық өлі балық табылған.

    "Инспекциямен барлық құзыретті және мүдделі органдар енгізілген балық шабақтарының қырылу себептерін анықтау бойынша Біріккен штаб құрылуда. Су қоймасы мен оның жағалау белдеуінің акваторияларына Мониторинг жалғасуда", – делінген ведомство хабарламасында.

    Қапшағайдан 3 тонна өлі балық табылып, қылмыстық іс қозғалды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.