jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    Таразда дауыл салдарынан тұрғындар жарықсыз қалып, мемлекеттік ту жыртылды (фото)

    Тараз
    Тараз. Фото: instagram.com/taraz.akimdigi

    Таразда дауыл салдарынан үйлердің 32 көпқабатты және 16 жеке тұрғын үйлер жарықсыз қалды. Қалада ағаштар құлап, кей мекемелердің шатыры ұшып кеткен. Бұл жайлы Тараз қаласының әкімдігі ресми Instagram парақшасында хабарлады.

    Әкімдіктің хабарлауынша, қазір тұрғындардан келіп түскен өтініштер бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде.

    "Тараз қаласының аумағында 2022 жылғы 14-15 қарашасында жылдамдығы 15-20 м/с кейде 23-28 м/с болатын желді дауыл тіркелді. Қазіргі уақытта қала әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімінің қызметкерлері қала аумағында орын алған фактілер бойынша тексеру жүргізуде.

    Білім беру және денсаулық сақтау нысандарында шатырдың зақымдануы тіркелген жоқ. "Шаңырақ" ауданындағы тарату пунктінен трансформаторлық торапқа өтетін электр желісі желдің салдарынан істен шығып, 28 үйде электр қуаты апатты түрде ажыратылды. Сондай-ақ 4 көпқабатты үйдің электр қуаты апатты түрде сөндірілді.

    Мердігерлік мекеме үйлерді уақытша электр желісімен қамтамасыз етті. Жеке үйлердің тұрғындарынан электр қуатын өшіру туралы 16 өтініш түсті. Бағдаршамдардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін қала бойынша 3 бригада жұмыс істейді. Қазіргі уақытта бірнеге көше қиылысында бағдаршамдардың жұмысы қалпына келтірілді", - деді Тараз әкімдігі.

    Тараз әкімдігінің мәліметінше, дауыл салдарынан тұңғыш президент саябағындағы мемлекеттік ту жыртылған.

    "Сонымен қатар 25 билборд (28 баннер), 3 пилон, 1 қоршау, тұңғыш президент саябағында 6х12 өлшемді мемлекеттік ту жыртылды. Көше қиылысында желдің салдарынан ағаштардың құлауы туралы өтініштер келіп түсті", - деді Тараз әкімдігі.

    Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Таразда ауа райына байланысты балабақша жұмысы мен 1, 2-ауысым үшін сабақ тоқтатылғанын айтқан болатынбыз.

    Таразда дауыл салдарынан тұрғындар жарықсыз қалып, мемлекеттік ту жыртылды (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.