jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Таразда ауа райына байланысты балабақша жұмысы мен 1, 2-ауысым үшін сабақ тоқтатылды

Мектеп
Мектеп. Көрнекі фото: pixabay.com

Таразда ауа райының қолайсыздығына байланысты балабақша жұмысы мен 1 және 2-ауысым үшін сабақ тоқтатылды, деп хабарлайды Тараз қаласының білім бөлімі Instagram-дағы ресми парақшасында.

Ведомстованың мәліметінше, мұндай шешім Оқу-ағарту министрлігінің 2016 жылғы 18 қаңтардағы №42 бұйрығы негізінде және Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаментінің ескерту хатына сәйкес қабылданған.

"Қолайсыз ауа райы жағдайында оқушылардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында 2022 жылдың 15 қарашасы күні бөбекжай бақшалар үшін оқу-тәрбие процесі тоқтатылатындығы және жалпы орта білім беретін мекемелердің 1, 2 ауысымдары үшін сабақ тоқтатылатындығын ескертеміз", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін "Қазгидромет" РМК өкілдері 15 қарашада Қарағанды және Жамбыл облыстарында екпіні 30 м/с-қа дейін қатты жел күтілетінін хабарлаған болатын.

Таразда ауа райына байланысты балабақша жұмысы мен 1, 2-ауысым үшін сабақ тоқтатылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.