jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Астанада пәтердегі қызыл жалыннан адамдарды құтқарған өрт сөндірушінің бірі жансақтау бөлімінде жатыр

    өрт сөндіруші
    Өрт сөндіруші. Көрнекі фото: pexels.com

    16 қараша Астанада отқа оранған пәтерден өмірін қатерге тігіп бес адамды құтқарған өрт сөндірушілердің бірінің жағдайы ауыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

    Кеше елордадағы Момышұлы 14 мекенжайындағы өрт туралы қалалық ТЖД Instagram парақшасында хабарлаған болатын. Ведомство мәліметінше, құтқарушылар оқиға орнына келгенде 15 қабатты тұрғын үйдің 11-қабатындағы пәтерден өрт шыққанын, қою қара түтін басқанын анықтаған.

    Өрт сөндірушілер бірінші кезекте адамдарды құтқаруға кіріскен, өйткені жанып жатқан пәтерде көмек сұраған адамдар болған. Елордалық өрт сөндірушілер өмірін қатерге тігіп, бес адамды құтқарған, олардың бірі бала. Сондай-ақ оқиға орнынан он ересек адам эвакуацияланған.

    Алайда адамдарды құтқару кезінде өрт сөндірушілердің екеуі зардап шегіп, күйікпен ауруханаға жеткізілген.

    Instagram-да желі қолданушысының жазуынша, қызмет барысында зардап шеккен өрт сөндірушілердің бірі - Асқар Забикулин. Автордың жазуынша, ол үш адамды құтқарып қалған.

    "Өрттен үш адамды құтқарып, қазір өзі комада жатыр. Денесінің 80 пайызын күйік шалған екен. Қазір жағдайы өте ауыр. Батыр жігіттің есімі - Асқар. Өрт сөндіру қызметінде жұмыс істейді. Үйінде келіншегі мен екі кішкентай балапандары барша қазақ елінен тек "дұға етіңіздерші" деп сұрап отыр. Аман болсыншы. Ол үйдегі өртке жоғарғы қабаттан кіру үшін қорғаныш киімін шешіп, тек дем алу аппаратын ғана алған. Үйден 80 жастағы әжені, 22 жастағы немересін және көрші пәтерде балконға тығылып қалған 10 жасар баланы өрттен аман алып қалған", - деп жазады желі қолданушысы.

    Өрттен зардап шеккен жандардың қазіргі жағдайы туралы KAZ.NUR.KZ тілшісіне Астана қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері айтып берді.

    "Кеше Момышұлы 14 мекенжайындағы өрттен кейін төрт адам жедел жәрдем бригадасымен № 1 көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізілді. 1994 жылы туған науқастың жағдайы ауыр, ол үшінші дәрежелі күйік алған. Қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде. Ал 1988 жылы туған науқастың жалпы жағдайы орташа", - дейді қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

    Сонымен қатар ведомство тағы екі науқас токсикология бөлімінде ем қабылдап жатқанын, жағдайы жақсарғанын атап өтті.

    Астанада пәтердегі қызыл жалыннан адамдарды құтқарған өрт сөндірушінің бірі жансақтау бөлімінде жатыр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.