jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Жетісу облысында ер адам өрттен бүтін бір отбасын аман алып қалды

    жанып жатқан от
    Жанып жатқан от. Көрнекі фото: pixabay.com

    Жетісу облысы Панфилов ауданы Үлкен ауылында жеке үйдің өртеніп жатқанын көрген куәгер өрт сөндірушілер келгенше, үйден үш баланы алып шығып, ата-анасының қауіпсіз жерге шығуына көмектескен. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Ведомствоның мәліметінше, оқиға 7 желтоқсанда сағат 21:40 шамасында болған. Өрт 22:22-де сөндірілген. Өрт алаңы 50 шаршы метрді құраған.

    "Өрт туралы өрт сөндіру қызметіне алғашқы куәгер хабарлады. Ол өрт сөндірушілер келгенге дейін 2010, 2014 және 2018 жылы туған үш баланы жанып жатқан үйдің балалар бөлмесінен алып шығып, сол кезде ұйықтап жатқан ата-анасына үйден шығыуына көмектескен. Сондай-ақ ол екі газ баллонын үйден шығарып, өртті өз бетінше сөндіру кіріскен", - деп хабардар етті облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

    ТЖД бүтін бір отбасын өрттан құтқарған қаһарман жігіт - Жаркент қаласы ПЧ-11 өрт сөндірушісі азаматтық қорғау кіші сержанты Еркебұлан Айтбаев Тұрғанұлы екенін атап өтті. Ол қызметінен бос уақытында үйінде болған.

    Өрттің алдын ала себебі – қатты отынмен жанатын пешті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау.

    Жетісу облысында ер адам өрттен бүтін бір отбасын аман алып қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.