Семейдегі ЖЭО-да өрт шығып, көмір беру жүйесінің жұмысы тоқтатылды (фото)
Опубликовано:
Желтоқсанның 15-іне қараған түні Семейдегі 1-жылу электр орталығында өрт шығып, кейбір жүйелер істен шыққан. Бұл туралы "Теплокоммунэнерго" МКК Instagram желісіндегі ресми парақшасында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Кәсіпорынның мәліметінше, 15 желтоқсанда сағат түнгі 00.30-да 1-ЖЭО-да отынмен қамтамасыз ету жүйесінің бірінші тасмалдағышында өрт шығып, салдарынан қуат бергіштер, сондай-ақ, мазут қондырғылары істен шыққан.
"Сонымен қатар бұл жағдай жылу тасымалдағыш параметрлерінің төмендеуіне әкелді. Өрт салдарын "Теплокоммунэнерго" МКК күштері мен "БЭСК" АҚ бригадасы жоюда. Қазіргі уақытта №2 қазандық жұмыс істеп тұр, №1 қазандық қыздырылуда, сондай-ақ бір қазандық мазутпен жұмыс істеп тұр", – дейді ММК өкілдері.
Ал Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі құтқарушылар мен әскерилер 1-ЖЭО-дағы қазандық агрегаттарына көмірді қолымен салып жатқанын жеткізді.
"15 желтоқсанда сағат 00.34-те Семейде 1-ЖЭО-да 6 метр аумақта транспортер лентасы мен электр кабельдері жанған. Сағат 01.36-да өрт толығымен сөндірілді. Өрт салдарынан қатты отын – көмір беру жүйесінің жұмысы тоқтатылды", – делінген ведомство хабарламасында.
ТЖМ сондықтан таңғы сағат 10-нан бастап Төтенше жағдайлар және Қорғаныс министрлігіне қарасты әскери бөлімдердің әскери қызметшілері үздіксіз режимде қазандық агрегаттарына қатты отынды қолмен салу жұмыстарын бастағанын атап өтті.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2001720-semeidegi-zeo-da-ort-sygyp-komir-beru-zuiesinin-zumysy-toqtatyldyfoto/