Астанада қала маңына қатынайтын 11 автобустың қозғалысы тоқтатылды
Опубликовано:
Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты, қала маңына қатынайтын бірнеше автобустың қозғалысы уақытша тоқтатылды, деп хабарлады "City Transportation Systems" ресми Instagram парақшасында.
"Ауа райының қолайсыздығына байланысты, қала маңына қатынайтын №305, 308, 309, 310, 311, 312, 315, 316, 317, 318, 327 бағдарларының қозғалысы уақытша тоқтатылды", - деп хабарлады ведомства.
"City Transportation Systems" мәліметінше, басқа қала маңына қатынайтын бағдарлар линияда.
Сонымен қатар ведомства қалалық көлік жүйесінің хабарламаларын бақылап отыруға кеңес берді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2004547-astanada-qala-manyna-qatynaityn-11-avtobustyn-qozgalysy-toqtatyldy/