jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Алматыда барахолка маңында болған өрт толығымен ауыздықталды

    Өртті ауыздықтау сәті
    Өрт. Фото: Алматы қалалық ТЖД

    Алматыдағы барахолка базарының маңындағы қойма өрті ауыздықталды. Бұл туралы қалалық ТЖД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    ТЖД күштері мен құралдары 9:26-да жіберілді. Оқиға орнына келгенде өрт  ашық жалынмен жанып тұрғаны және төбесіндегі құрылымдардың опырылып түскені анықталды. Осы себептен жеке құрам жұмысты қауіпсіздік техникасын сақтай отырып атқарды.

    Өрттің тез таралуына тауарлық-материалдық құндылықтардың жоғары жанғыш жүктемесі ықпал етті.

    Сөндіру жұмыстары объектілік гидрант өртінің ақаулы болуымен қиындай түсті. Осыған байланысты су беру жұмыстары қосымша үздіксіз қамтамасыз етілді. Десе де, өрт сөндірушілер тілсіз жауды толығымен ауыздықтады.

    Еске сала кетейік, бүгін таңда барахолка базары маңындағы қойма өртеніп жатқанын хабарлаған едік.

    Алматыда барахолка маңында болған өрт толығымен ауыздықталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.