jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Оралда медициналық колледждің жатақханасын су басып, студенттер түн ішінде эвакуацияланды (видео)

    Суға басқан медициналық колледждің жатақханасы
    Оралдағы медициналық жатақхананың жертөлесіне су толып кеткен. Фото: uralskweek.kz

    Оралда медициналық колледждің 140 студенті жатақханадан эвакуацияланды. Өйткені ғимараттың жертөлесі толығымен еріген қар суына толып кеткен, деп хабарлайды "Уральская неделя" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Басылымның хабарлауынша, жатақхананың жертөлесінде асхана, қызмет көрсететін орындар, кеңселер және электроқалқандар орналасқан.

    "Тәулік бойы дәретханадан су бұрқақтап ағып жатыр, суды тартып алуға үлгермей жатырмыз", - дейді осы жатақхананы басқаратын "Хайрекешева" ЖК өкілі.

    Ресми өкілдің сөзінше, олар күні бойы ТЖД-дан көмек ала алмаған, арнайы жасақ кешкі сағат 8-де жеткен.

    "Жатақхана 2020 жылы салынған, мұндай апатқа бірінші рет тап болып отырмыз", - дейді ғимаратты басқарушы компания қызметкерлері.

    Басылымның ақпаратынша, электр қалқандарын су басып, ғимаратта жарық сөніп, әкімшілік жатақханадағы адамдарды эвакуациялау туралы шешім қабылдауға мәжбүр болған.

    Жатақхана қызметкерлерінің айтуынша, түнгі уақытта студенттерді ғимараттан эвакуациялау қиынға соққан. Студенттер қаладағы туысқандарына, кейбіреулері мұғалімдердің үйіне орналастырылған.

    Оралда медициналық колледждің жатақханасын су басып, студенттер түн ішінде эвакуацияланды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.