jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Әсел Дағжан
    Әсел Дағжан
    Бұрынғы қызметкер

    Сауд Арабиясында қажылар мінген автобус апатқа ұшырап, 20 адам қаза тапты

    Сауд Арабиясындағы жол апаты
    Сауд Арабиясындағы жол апаты. Фото: Twitter.com/AlArabiya_KSA

    Сауд Арабиясында Меккеге бара жатқан қажылар мінген автобус жол апатына ұшырады. Оқиға салдарынан 20 адам қаза тауып, тағы 29 адам жарақат алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ArabNews басылымына сілтеме жасап.

    Қайғылы оқиға дүйсенбі, 27 наурыз күні сағат 16:00 шамасында Асир провинциясындағы Акабат-Шаар қаласында болғаны хабарланды. Қажылар мінген автобус Хамис Мушаиттан шығып, Абхаға қарай бет алған.

    "Дүйсенбі күні Сауд Арабиясының оңтүстік-батыс аймағында жол апаты болып, 20 адам қаза тауып, 29 адам жарақат алды", – деп жазады басылым.

    Кейбір мәліметтер бойынша апатқа көліктің тежегіш жүйесіндегі ақау себеп болған, соның салдарынан жүргізуші тізгінге ие бола алмай, көпір қоршауына соғылған, содан кейін автобус аударылып, өртенген.

    Al Arabiya News ақпарат агенттігінің хабарлауынша, азаматтық қорғаныс пен Қызыл жарты ай тобының оқиға орнына жетуі үшін Акабат Шаарға апаратын барлық жолдар жабылған.

    Басылым дереккөздерге сілтеме жасап, қаза тапқандар саны артуы мүмкін деп жазады.

    Қажылыққа барғандар арасында Сауд Арабиясының азаматтары мен басқа елдердің тұрғындары да болған.

    Сауд Арабиясында қажылар мінген автобус апатқа ұшырап, 20 адам қаза тапты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.