jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Алматы қаласындағы табиғи өрт оқшауланды

    Алматы қаласындағы табиғи өртті сөндіру жұмыстары
    Алматы қаласындағы табиғи өртті сөндіру жұмыстары. Видеодан кадр: https://t.me/qr_tjm

    Алматы қаласындағы Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында тау баурайында болған өрт оқшауланды, деп хабарлайды ТЖМ Telegram-дағы ресми арнасында.

    Ведомство мәліметінше, өрт кезінде күштер мен құралдарды топтастыру жоғары дәрежеде жүргізілген.

    "Өртті сөндіру үшін "Қазавиақұтқарудың" екі тікұшағы, сондай-ақ Алматы қаласы әкімдігінің Құтқару қызметінің тікұшағы жұмылдырылды.

    Өрт ошақтарына 34 (102 тонна) рет су шашылды", - делінген ресми хабарламада.

    Сонымен қатар ТЖМ оқиға орнында Алматы қаласы ТЖД 62 жеке құрамы мен 5 бірлік техника, сондай-ақ МҰТП 56 қызметкері жұмыс істегенін атап өтті.

    Бұған қоса төтенше жағдайды жою аймағында жедел штабтың жұмысы ұйымдастырылған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.