jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Астанадағы көпқабатты үйлердің бірінде пәтер өртенді (видео)

    Астанадағы көпқабатты үйден өрт шықты
    Астанадағы көпқабатты үйден өрт шықты. Видеодан кадр: instagram.com/astanovka98

    Елордадағы көпқабатты үйлердің бірінде өрт шықты. Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы тарады. Пәтерде тұрмыстық заттар мен жиһаздар өртенген, деп хабарлайды Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Instagram желісіндегі Astanovka98 парақшасында көпқабатты үйдің балкондарының бірінен түтін шығып жатқан видео жарияланды. Кадрлардан өрттің көпқабатты тұрғын үйдің жоғары қабатындағы пәтерлердің бірінен шыққанын көруге болады.

    Жазба авторларының айтуынша, өрт Кенесары көшесі, 70-үйдегі "Қыпшақ" тұрғын үй кешенінің балконынан басталған.

    Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт балкон мен асханаға жайылған.

    "6 шаршы метр аумақта тұрмыстық заттар, жиһаздар, терезе ойықтары өртенді", - деді ТЖД өкілдері.

    Сонымен қатар ведомство құрбандар мен зардап шеккендер жоқ екенін, өрттің сөндірілгенін хабарлады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.