jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    Абу-Даби Плаза аймағын жайлаған қара түтін астаналықтардың үрейін ұшырды (видео)

    Астанадағы өрт
    Астанадағы өрт. Видеодан кадр: t.me/astanovka98

    Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде өрт шықты. Қазнет қолданушылары желіде орасан қара түтін бейнеленген кадрларды бөлісуде, деп хабарлайды KAZ. NUR.KZ.

    Астана аспанын жайлаған қара түтінге байланысты қалалық Төтенше жағдайлар департаменті пікір білдірді.

    ТЖД мәліметінше, бүгін 11 мамырда сағат 15:01-де ТЖД-ға Ақмешіт-Сығанақ көшелерінің қиылысындағы жаңа үйлерден қара түтін көрінгені туралы хабарлама келіп түскен.

    Өрт сөндіру бөлімдері дереу оқиға орнына жіберілген.

    Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жаңадан салынып жатқан тұрғын үй кешенінің аумағында битум мен сыртқы қаптаманың жанып жатқанын анықтаған.

    Сағат 15:17-де өрт ауыздықталған.

    ТЖД хабарлауынша, өрттен қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

    Абу-Даби Плаза аймағын жайлаған қара түтін астаналықтардың үрейін ұшырды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.