jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Павлодар облысында учаскелік полицей жанып жатқан үйден жасөспірімді аман алып шықты

    өртенген үй
    Өртенген үй. Оқиға орнынан фото: polisia.kz

    Павлодар облысы Тереңкөл ауданында учаскелік полицей өрт шыққан үйден жасөспірімді аман алып шықты, деп хабарлайды Polisia.kz.

    Ақпараттық медиа порталдың жазуынша, учаскелік инспектор Қуаныш Жаябаев 10 мамыр күні ауылды патрульдеу кезінде үйлердің арасынан түтін шығып жатқанын байқап, оқиға орнына бірден жеткен.

    Оқиға орнына келген полиция қызметкері тұрғын үй өртеніп жатқанын байқаған. Сондай-ақ көршісі оған үйде бала қалып қойғанын айтқан.

    Қуаныш Жаябаев уақыт жоғалтпай, бірден отқа оранған үйге жүгіріп кіріп, бөлмелерді аралап жүріп, бір бөлмеден 14 жастағы баланы тауып алған. Сөйтіп жасөспірімді көтеріп алып, оны сыртқа алып шыққан.

    Жасөспірімді көршілерге табыстағаннан кейін Қуаныш Жаябаев жанып жатқан үйге қайта оралып, басқа біреудің үйде қалып қоймағанын және ас үйде газ баллоны бар-жоғын тексеріп, содан кейін ғана түтін мен отқа оранған үйден далаға шыққан.

    Ал құтқарылған баланың отбасы оған ризашылығын білдіріп, алғысын жаудырған.

    Қуаныш Жаябаев
    Қуаныш Жаябаев. Фото: polisia.kz

    Қуаныш Жаябаев ішкі істер органдарында 2015 жылдан бері қызмет етеді. Ол кез келген оқыс жағдайда адамдарға көмек көрсетуді өзінің міндеті деп санайды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.