jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    Таиландта катер апатқа ұшырады: СІМ зардап шеккен қазақстандықтар туралы айтты

    Таиландта соғылған қайықтан жарақат алған адамдар
    Таиландта соғылған қайықтан жарақат алған адамдар. Фото: Facebook / ศูนย์ข้อมูลภูเก็ต Phuket Info Center

    Кеше Таиландта Қазақстан азаматтары мінген катер апатқа ұшыраған. Сыртқы істер министрлігі зардап шеккен қазақстандықтардың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Қазақстанның Таиландтағы консулының айтуынша, оқиға кезінде моторлы катердің ішінде БАҚ бұған дейін хабарлағандай 9 емес, 4 қазақстандық болған.

    "Олардың үшеуіне медициналық көмек қажет болды. Дәрігерлер тексергеннен кейін екі отандасымыз ауруханаға жатқызылды. Жағдайлары тұрақты, денсаулығы мен өміріне ештеңе қауіп төндірмейді", - делінген министрлік таратқан хабарламада.

    Барлық медициналық шығынды катер иесі саналатын Таиланд компаниясы өтегені хабарланған.

    "Біздің консул зардап шеккен азаматтармен және жергілікті билікпен тұрақты байланыста", - деп қосты СІМ.

    Еске сала кетейік, сәрсенбіде, 17 мамыр күні Таиландтағы Пхукет аралының жағалауында шетелдік туристер мінген жылдам моторлы катер апатқа ұшыраған: катер жылдамдықпен сигнал мұнарасы ретінде теңіз суында орнатылған бетон конструкциясына соғылды.

    БАҚ Пхукет провинциясының әкімшілігінің ақпаратынша, катерде 9 Қазақстан азаматы, 21 ресейлік, екі Қытай азаматы және бір украиндық, сондай-ақ экипаж мүшесі болғанын хабарлады. 37 адам жарақаттанған болатын.

    Алдын ала жасалған болжамға сүйенсек, апатқа катер капитанының салғырттығы себеп болуы мүмкін.

    Таиландта катер апатқа ұшырады: СІМ зардап шеккен қазақстандықтар туралы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.