jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Екібастұзда көшені ыстық су басты (видео)

    су құбырынан аққан ыстық су
    Ыстық су. Видеодан кадр: instagram.com/ekibasvteme

    Әлеуметтік желіде Екібастұз көшесінің бірін ыстық су басқаны туралы ақпарат пайда болды. Жергілікті тұрғындар буы бұрқырап ағып жатқан суды видеоға түсірген. Қаладағы жауапты мекеме өкілі пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Желіде тараған видеода тұрғындар Екібастұзда қайтадан техногенді апат болып жатқаны туралы жазады.

    "Ыстық судың қайда кетіп жатқаны енді түсінікті болды", "Екібастұздағы ыстық су көздері. Шипажай аймағы", -  деп жазады олар. 

    "Павлодарэнерго" компаниясының өкілі Екатерина Байжұманованың тілшілерге берген мәліметінше, 18 мамыр күні сағат 06.30-да Мәшһүр Жүсіп көшесі бойындағы диаметрі 820 мм № 2 жылу магистралінің жөндеу жүріп жатқан учаскесіндегі бекіткіште ақау анықталған. 

    "Қазіргі таңда учаске өшірілген. Ақауды жою бойынша жұмыстар жүргізілуде. "Екібастұзжылуэнерго" ЖШС жұмысшылары жұмыс істеуде",  – дейді жауапты мекеме өкілі. 

    Мердігерлік ұйым бүгін сағат 14.00-ге дейін жағдайы реттеуді жоспарлап отыр. 

    Екібастұзда көшені ыстық су басты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.