Қала орталығындағы өрт алматылықтарды шошытты (видео)
Жарияланған күні:

Бүгін Алматыда жалпы алаңы 50 шаршы метрді құрайтын екі гараж өртенді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, өрт Бостандық ауданындағы Радостовец көшесі, 409-үйдің жанында болған.
"Жалпы алаңы 50 шаршы метр ашық жалынмен екі гараж өртенді, сағат 18:22-де өрт ауыздықталып, сағат 18:27-де толықтай сөндірілді", – делінген хабарламада.
Оңтүстік астананың Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.
Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамының 28 қызметкері, сондай-ақ бес техника жұмылдырылған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2023648-qala-ortalygyndagy-ort-almatylyqtardy-sosytty-video/