Абай облысындағы тілсіз жау: таңғы уақыттан бері өрт аумағына 410 тонна су төгілген
Опубликовано:
Төтенше жағдайлар министрлігі Абай облысындағы орман өртіне қатысты соңғы ақпаратты жариялады. Ведомствоның Telegram желісіндегі мәліметінше, таңғы уақыттан бері өрт аумағына 410 тонна су төгілген.
Министрліктің хабарлауынша, Абай облысында 7 учаскеде өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда.
Өртті сөндіруге ТЖМ, Орман шаруашылығы комитетінен, ЖАО және Қорғаныс министрлігінен 1000-нан астам адам, шамамен 237 техника жұмылдырылған. Сондай-ақ 11 тікұшақ тартылды.
Таңғы сағат 6.00-ден бастап өрт ошақтарына әуеден 164 рет жалпы көлемі 410 тонна су төгілді. Өртті сөндіру жұмыстары басталғалы бері 263 рет жалпы көлемі 590 тонна су төгілген.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2024217-abai-oblysyndagy-tilsiz-zau-tangy-uaqyttan-beri-ort-aumagyna-410-tonna-su-togilgen/