jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Сақтандыруы мен техтексеруі жоқ: Оралда балаларды тасымалдаған автобус өртеніп кетті (видео)

    Өрт
    Видеодан кадр: polisia.kz

    Бүгін Оралда балаларды тасымалдаған автобус өртеніп кетті. Оқыс оқиғаны куәгерлер видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды Polisia.kz Telegram арнасында.

    Оқиға 13 маусым сағат 12:40 шамасында Егізбаев – Бельгер көшелерінің қиылысында болған.

    Полицияның мәліметінше, №26 ЖОББМ "Балауса" балалар лагерінен Cinema Park кинотеатрына 60 баланы тасымалдаған ПАЗ жеке автобусы өртенген.

    Зардап шеккендер жоқ.

    Тәртіп сақшыларының дерегінше, автобустың 1986 жылғы Т. есімді жүргізушісі көлік құралын техникалық тексеруден өтпей, жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асырған. Сондай-ақ оның міндетті сақтандыру полисі болмаған.

    Жүргізуші ӘҚБтК 593-бабы 1-бөлігі, 590-бабы 9-бабы, 230-бабы 2-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

    Одан бөлек, Еңбек кодексінің 64-бабы 1-тармағының 3-тармақшасын бұзғаны үшін "Балауса" мектеп жанындағы балалар лагерінің қатысушыларын кинотеатрға баруын жүзеге асыру кезінде жауапкершілік танытпағаны үшін №26 мектеп директоры "Балауса" лагерінің жауапты қызметкеріне қатаң сөгіс жариялады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.