Абай облысындағы өртті сөндіруге 60-тан астам ТЖМ авиаторы жұмылдырылды (видео)
Жарияланған күні:

Абай облысындағы орман өртін сөндіруге Төтенше жағдайлар министрлігінің 60-тан астам авиаторы жұмылдырылды. Бұл туралы ТЖМ Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.
Ведомствоның хабарлауынша, авиаторлардың жұмысы таңғы сағат 4-те басталып, 23:00-ге дейін, кейде одан да кеш аяқталады.
"Су төгетін құрылғылар 10-15 секунд ішінде 5 тоннаға дейін су алады және 6 секунд ішінде өрт ошақтарына су төгеді", – делінген хабарламада.
Тікұшақтың ұшуының негізгі кезеңдері ретінде ұшу, резервуарды толтыру үшін су айдынына ұшып барып су толтырып алу, өрт орнына ұшу және өрт ошағына су төгу екендігі айтылған.
Сонымен қатар ведомство тартылған күштер мен құралдар 4 учаскеде өртті сөндіріп жатқанын айтқан.
"Бүгін таңғы сағат 6.00-ден бері жалпы алғанда 214 рет көлемі 600 тонна болатын су шашылды. Өрт басталғалы бері жалпы 2 100 жуық рет көлемі 6 000 тоннадан астам су шашылды", – делінген.
Осы уақытқа дейін жедел желі телефонына 188 қоңырау келіп түскен.
ТЖМ және ТЖД жедел желісінің телефондары: 8 7172 53 32 84, 8 7222 35 38 31.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2024798-abai-oblysyndagy-ortti-sondiruge-60-tan-astam-tzm-aviatory-zumyldyryldy-video/