Абай облысындағы орман өртімен күресіп жатқан өрт сөндірушілердің суреті жарияланды (фото)
Опубликовано:
Бірнеше күннен бері Абай облысындағы орман өртімен арпалысып жатқан өрт сөндірушілердің фотосы жарияланды. Суреттер Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-дағы арнасында жарияланған.
Кеше, 14 маусымда сағат 21:00-де әуеден барлау және жағдайды жедел бағалау қорытындысы бойынша Абай облысындағы "Семей орманы" табиғи резерватының аумағындағы табиғи өрт оқшауланғаны туралы хабарланған болатын.
Айта кетейік, Абай облысындағы табиғи өрт 8 маусымда "Семей орманы" табиғи резерватына қарасты Батпаев орман шаруашылығының аумағында шыққан еді.
Алдын ала болжам бойынша 0,3 гектар аумақта ағаштар жанған. Кейін өрт күшейіп, басқа да учаскелерге ойысқан.
Осы уақытқа дейін өрт шамамен 60 мың гектар аумақты шарпыған. Өрт салдарынан "Семей орманы" резерватының 14 қызметкері қаза тапты.
Өрт салдарынан адамдардың көз жұмғанына байланысты Қазақстанда 12 маусымда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланған.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2024864-abai-oblysyndagy-orman-ortimen-kuresip-zatqan-ort-sondirusilerdin-sureti-zariyalandy-foto/