jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Әсел Дағжан
    Әсел Дағжан
    Бұрынғы қызметкер

    Ақтөбеде 25 қой мен ешкіні пойыз басып кетті

    Қой1
    Көрнекі фото: Рiqsels.com

    Ақтөбе облысының Сарысай-Хромтау стансалары аралығында пойыз шұғыл тоқтатылды. Жол бойына қой-ешкі шығып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    Қандыағаш стансасы желілік полиция бөлімінің хабарлауынша, оқыс оқиға Сарысай-Хромтау аралығында тіркелген. Онда жолға 25 бас қой-ешкі шығып кеткендіктен жүк вагондарын тіркеген тепловоз шұғыл тоқтатылған.

    Агенттіктің ақпаратына сүйенсек, пойыз шұғыл тоқтаған кезде 5 қой өлген. Ал қалғандарын иесі бауыздап үлгерген.

    "Әкімшілік құқықбұзушылық кодекстің 559-бабы 1-бөлігіне сәйкес Хромтау ауданы, Сарысай ауылының тұрғынына айыппұл салынды. 64 жастағы тұрғын малын қараусыз қалдырғаны үшін 9 мың теңге көлемінде айыппұл төлейді", – деп хабарлады Қандыағаш стансасы желілік полиция бөлімі.

    Ақтөбеде 25 қой мен ешкіні пойыз басып кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.