jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Әсел Дағжан
    Әсел Дағжан
    Бұрынғы қызметкер

    Теміртауда ер адам және оның жиені өрттен қаза тапты

    Жедел жәрдем көліктері
    Жедел жәрдем көліктері. Көрнекі фото: Pixabay.com

    Бүгін Теміртаудағы үйлердің бірінде пәтердегі жиһаз өртенді. Ес-түссіз жатқан екі адам бөлмеден шығарылғанымен, оларға реанимациялық шаралар көмектеспеді, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-дағы ресми арнасы.

    Ведомствоның хабарлауынша, өрт 11 шілде күні сағат 19:57-де Қарағанды облысы Теміртау қаласында болған. Яғни 9 қабатты үйдің 2-ші қабатындағы пәтерде үй заттары, 5 шаршы метр аумақта жиһаз өртенген.

    "Өрт сөндірушілердің күшімен 1991 жылғы пәтер иесі және оның 2015 жылғы жиені жедел жәрдем бригадасына тапсырылды. Өкініштісі, реанимациялық шаралар зардап шеккендерге көмектеспеді. Ер адам мен қыз бала қайтыс болды", – делінген ТЖМ хабарламасында.

    Өрт сөндірушілердің күшімен баспалдақпен 8 адам, оның ішінде 3 бала эвакуацияланған. Қабылданған шаралардың арқасында өрт 20:33-те ауыздықталған.

    Алдын ала болжам бойынша өрттің шығуына ашық от көзі себеп болған, яғни балалардың отпен ойнауынан да болуы мүмкін.

    "ТЖМ өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады, өзіңізді өрттен қорғаңыз!", – деп ескертті мамандар.

    Теміртауда ер адам және оның жиені өрттен қаза тапты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.