jitsu gif
Оқыс оқиға

    "98 орамдағы өрт ерекше бақылауда": "Ертіс орманындағы" өрт аумағы ұлғайды (фото)

    "Ертіс орманындағы" өрт
    "Ертіс орманындағы" өрт. Фото: ТЖМ

    "Ертіс орманы" резерватындағы өрт аумағы ұлғайып, 850 гектарға жетті. Төтенше жағдай орнында 300-ден астам адам жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды ТЖМ ресми Telegram арнасында.

    "15 шілдеде Шарбақты ауданының Степное және Бауыртал орманшылықтарында орманда өрт шығып, қатты түтін байқалды.

    ТЖ министрі мен облыс әкімі аумақты әуеден барлады. 98 орамдағы өрт ерекше бақылауда, онда өрт белсенді түрде жанып жатыр", - делінген хабарламада.

    "Ертіс орманы" резерватының ақпаратына сәйкес, әуеден барлау нәтижесінде өрттің алдын ала ауданы 850 гектрады құрады.

    Қазіргі таңда оқиға орнында 100-ден астам техника мен 300-ден астам адам, оның ішінде 5 тікұшақ өртті сөндіруде. Бір тәулік ішінде өрт ошақтарына әуеден 22 рет жалпы көлемі 66 текше метр су төгілді.

    Өртті сөндіруге Астана қаласы, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстары ТЖД күштері мен құралдары жұмылдырылған.

    "98 орамдағы өрт ерекше бақылауда": "Ертіс орманындағы" өрт аумағы ұлғайды (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.