jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Әсел Дағжан
    Әсел Дағжан
    Бұрынғы қызметкер

    Алматы облысында уақытша панажайдағы иттер жаппай уланған

    ит
    Көрнекі фото: Рixabay.com

    Алматы облысында үй жануарларын емдеп, жаңа иесі табылғанша уақытша паналайтын орындардың бірінде иттер жаппай уланған. Салдарынан сегіз ит қиналып өлген. Полиция тексеруді бастады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Сәрсенбі күні әлеуметтік желіде иттердің жаппай улануы жайлы видео пайда болды.

    "Бізде өте қиын жағдай болды. Мұнда көшеден әкелініп, емделген ит көп. Олардың бәрінің кураторы, жеке төлқұжаты мен чиптері бар. Кеше полиция мен тағы біреу келді. Олар иттерді аулауға беруді талап етті. Иттердің бәрі жеке аумақта тұрған еді", – деп жазған уақытша панажай әкімшілігі.

    Панажай әкімшілігінің мәлімдеуінше, уланған сегіз ит қиналып, азаппен өлген.

    "Бұл үйсіз-күйсіз, аштық пен суықта өскен иттер адамдардың немқұрайлылығы мен қатыгездігінен қаншама азап шекті... Енді жеке аумақтың өзінде оларға қауіп төніп тұр", – деп жанайқайын жазған панажай әкімшілігі учаскелік полиция шақырғандарын айтқан.

    Қазақпараттың мәліметінше, Алматы облысы Талғар аудандық полиция басқармасы аталған дерек бойынша тергеу амалдарын бастап кеткен.

    "Ит иесі Талғар ауданының полициясына тиісті арызбен жүгінді. Факт бойынша Қылмыстық кодекстің 316-бабының 3-бөлімінде көзделген тергеу амалдары басталды.

    Қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтау бойынша жедел іздестіру іс-шаралары жүріп жатыр. Өлген иттер сараптамаға жіберілді", – деді Талғар аудандық полиция басқармасынан.

    Алматы облысында уақытша панажайдағы иттер жаппай уланған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.