jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    Алматы облысында Талғар өзені деңгейінің күрт көтерілуіне байланысты демалушылар эвакуацияланды

    Өзен
    Өзен. Көрнекі фото: CC0 / Наталья Коллегова

    Жұма, 21 шілде күні таулы аймақтарда жауған жауын-шашын салдарынан Талғар өзенінің деңгейі көтерілді, деп хабарлайды Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Төтенше жағдайлар департаменті "Большая Поляна" гидробекетінің мәліметтеріне сүйене отырып, Сол Талғар өзенінің деңгейі тоқтаусыз жауын салдарынан секундына 18 текше метрге көтерілгенін мәлімдеді.

    "Қазіргі уақытта Талғар өзеніндегі су деңгейі секундына 23,5 текше метрді құрайды (судың сыни деңгейі секундына 40 текше метр).

    Талғар бөгеті гидротехникалық құрылысының су өткізу қабілеті секундына 70,5 текше метрді құрайды", - деп хабарлады өңірлік төтенше жағдайлар департаменті.

    Ведомствоның мәліметінше, қазір су транзиттік режимде өтуде. Бірақ өзенде қосымша бақылау бекеттері қойылған. Гидротехникалық құрылыстың жоғарғы жағында демалып жатқан адамдар эвакуацияланды.

    "Жағдай жергілікті атқарушы органдарының, облыстың төтенше жағдайлар департаментінің, Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің тұрақты бақылауында", - деп мәлімдеді төтенше жағдайлар министрлігі.

    Алматы облысында Талғар өзені деңгейінің күрт көтерілуіне байланысты демалушылар эвакуацияланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.