jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Қарағанды көшелерін су басты (фото, видео)

    Қарағандыны су басты
    Видеодан кадр: instagram.com/denski_blog

    10 тамызда Қарағандыда күн бұзылды. Әлеуметтік желіде жарияланған кадрларға сүйенсек, жаңбырдан кейін қала көшелерін су басқан, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Су басқан көшелердің видеосы әлеуметтік желілерде көптеп жарияланды. Видеолардың бірінде жаяу жүргіншілер тобықтан су кешіп жүргенін көруге болады.

    Енді кейбір қарағандылықтар эмоциясын жасыра алмауда.

    Назар аударыңыз! Видеода бейәдеп сөздер бар.

    Тіпті кейбір видеодан қалаға бұршақ жауғаны байқалады.

    Қаладағы жағдайға қатысты жергілікті билік пікір білдірді. Майқұдықтағы шатырдың опырылған жеріне Әлихан Бөкейхан ауданының әкімі Досбол Құлекеев келді. Оның айтуынша, құлаған шатыр екі көлікті зақымдаған – зардап шеккендер жоқ.

    Бірнеше минуттан кейін әкім оқиға орнында коммуналдық қызметтер жұмыс істеп жатқанын хабарлады.

    Қала әкімі Мейрам Қожухов та жағдайға қатысты пікір білдірді. Әкім жағдайды бақылауда ұстап отырғанын айтты.

    "Нөсер жаңбыр салдарынан бірнеше көшені су басты, бірнеше ағаш құлады, шатырдың құлау жағдайлары бар. Коммуналдық қызметтер мен арнайы техника жедел режимде жұмыс істеп жатыр. Мен барлық мәселені бақылауда ұстаймын", - деп жазды Қожықов Instagram парақшасында.

    Қарағанды көшелерін су басты (фото, видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.