jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    "Алтын Орда" базары аумағынан шыққан қалың қара түтін видеоға түсіп қалды

    Аспанға таралып жатқан қара түтін
    Оқиға орны. Видеодан кадр: t.me/kris_p_almaty_official

    Әлеуметтік желіде Алматыда болған өрттің видеосы пайда болды. Видео авторларының сөзінше, өрт "Алтын Орда" базарының маңында болған. Видеода қалың қара түтінді көруге болады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Желіде тараған видеолар Kris_p_almaty Telegram-арнасында жарияланды. Куәгерлердің мәліметінше, өрт Алматыдағы "Барлық" базарынан шыққан.

    Видеодан "Алтын Орда" базарына қарама-қарсы ғимараттардың үстінен шығып жатқан қалың қара түтінді көруге болады.

    Бұған қатысты пікір білдірген Алматы қалалық ТЖД-ның баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін сағат 14:34-те расымен Наурызбай ауданындағы "Барлық" базарының аумағында өрт шыққан.

    "Жұмысы тоқтаған жылдам тамақтану дүңгіршектерінде өрт (аумағы 40 шаршы метр) шықты", – делінген хабарламада.

    ТЖД ақпаратынша, өрт сағат 14:55-те толықтай сөндірілген. Зардап шеккендер жоқ, өрттің шығу себебі анықталуда.

    "Алтын Орда" базары аумағынан шыққан қалың қара түтін видеоға түсіп қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.