jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Толассыз жауған жаңбырдан кейін Қарағандыны су басты (видео)

    Қарағанды көшелері
    Қарағанды ​​көшелерінде су. Кадрдан үзінді: instagram.com/denski_blog

    Қалада жауған жаңбырдан кейін Қарағанды ​​көшелерін су басты - қарағандылықтар әлеуметтік желіде толассыз жауған нөсердің салдары түсірілген кадрларды бөлісуде, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Жарияланған кадрларда жауын-шашыннан кейін Қарағандының кейбір көшелерін су басқаны байқалады. Көліктер қала бойынша әрең қозғалып, су ғимарат іші мен автобустардың салондарына кірген.

    Қарағанды ​​қаласының әкімі Мейрам Қожықов Instagram желісіндегі ресми парақшасында қолайсыз ауа райының салдарын жою жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады. Оның айтуынша, кейбір аудандарда су тартылып үлгерген.

    "Қазгидромет" РМК сайтының хабарлауынша, бүгін Қарағандыда найзағай ойнап, 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады деп болжанған.

    Ал бір күн бұрын синоптиктер ауа райының нашарлауына байланысты өңірде дауылдық ескерту жариялаған болатын.

    Толассыз жауған жаңбырдан кейін Қарағандыны су басты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.