jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    Ақтауда күндіз көшеде тұрған көлік өртенді

    Өртке оранған көлік
    Өртке оранған көлік. Видеодан кадр: instagram.com/112_aktau

    Ақтауда бүгін, 1 қазанда түскі уақытта 31А ықшамауданындағы жолда тұрған көлік өртенген. Өртті сөндіруге жеті өрт сөндіру қызметкері жұмылдырылған, деп хабарлайды Lada.kz.

    Басылымның Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауынша,, бүгін, 1 қазан күні, түскі уақытта 31А ықшамауданының тұрғындары көліктен шыққан өрттің куәгері болған.

    "Автокөлік толығымен жалынға оранды. Көлік жанып жатқан кезде одан бірнеше қатты тарсылдағанның дыбысы шыққан", – делінген ведомствоның хабарламасында.

    Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, сағат 12:11-де өрт сөндіру қызметінің кезекті бөлімшесіне аталған факті бойынша хабарлама келіп түскен. Өрт 10 минуттың ішінде өрт сөндірілді.

    Сондай-ақ департамент оқиға салдарынан ешкім зардап шекпегенін айтты. Өртті сөндіруге жеті өрт сөндіруші жұмылдырылған.

    "Оқиғаның себебін кезекші тергеуші анықтап жатыр", – деп жазады басылым ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Ақтауда күндіз көшеде тұрған көлік өртенді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.