jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Қарағандыда эскалаторға қолы қысылып қалған бүлдіршіннің жағдайы белгілі болды

    эскалатор
    Эскалатор. Көрнекі фото: pixabay.com

    Қарағанды қаласындағы сауда ойын-сауық орталығында қолы эскалаторға қысылып қалған үш жасар баланың жағдайы белгілі болды. Бұл туралы ҚазАқпарат облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасы ана мен баланы қорғау бөлімінің басшысы Ирина Тасмағамбетованың айтуынша, 2021 жылы туған бала облыстық балалар клиникалық ауруханасына ауыр халде жеткізілген.

    Бүлдіршінге операция жасалған. Ота 2 сағаттан астам уақытқа созылған.

    "Медицина қызметкерлерінің жеделдігі мен хирург дәрігерлердің күш-жігерінің арқасында кішкентай пациенттің қолын кесуден сақтап қалдық. Қазіргі уақытта бала аурухананың реанимациясында жатыр. Жағдайы тұрақты ауыр", - дейді Ирина Тасмағамбетова.

    Айта кетелік, бүгін, 6 қазанда Қарағанды қаласындағы сауда орталықтарының бірінде 3 жасар баланың қолы эскалаторға қысылып қалып, оны құтқару үшін арнайы мамандар көмекке келген еді.

    Қарағандыда эскалаторға қолы қысылып қалған бүлдіршіннің жағдайы белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.