jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    Ақтөбеде газ құбырында апат болды: оқиға орнына қала әкімі барды (видео)

    Ақтөбедегі газ құбырының апаты
    Ақтөбедегі газ құбырының апаты. Видеодан кадр: instagram.com/gazeta_diapazon

    9 қазанда кешкі уақытта Ақтөбедегі реттеу станциясында болған жайтқа қатысты Ақтөбе қаласының әкімдігі Facebook-тегі ресми парақшасында пікір білдірді.

    Ведомство мәліметінше, 9 қазанда сағат 21:51-де Береке тұрғын үй алабы ауданындағы реттеу станциясында газ ауаға тарап жатқандығы жөнінде хабарлама келіп түскен.

    Оқиға орнына Ақтөбе қаласының әкімі Азамат Бекет, Ақтөбе облысы ТЖД, "ҚазТрансГаз аймақ" АҚ қызметкерлері барған. Газдың ауаға таралуы тоқтатылған.

    Сондай-ақ әкімдік тұрғындарға газ беру тоқтатылмағанын, газ қасындағы қосымша желіден беріліп жатқанын атап өтті. Зардап шеккендер жоқ.

    "Диапазон" басылымының жазуынша, бастапқыда газ құбырында жарылыс болды деген ақпарат тараған. Алайда оқиға орнына келген құтқарушылар бұны жоққа шығарған. Белгілі болғандай, газ жарылысы емес, газ құбырында ақау бар екендігі анықталған.

    Ақтөбеде газ құбырында апат болды: оқиға орнына қала әкімі барды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.