jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Құтқарушылар Қарағанды шахтасында қаза тапқан 46-шы кеншінің денесін жер бетіне алып шықты

    Александр Прокудин
    Александр Прокудин. Фото: "АрселорМиттал Теміртаудың" баспасөз қызметі

    Костенко атындағы шахтада қаза тапқан 46-шы кеншінің денесі табылып, жер бетіне шығарылды. Қажетті сараптамалар жүргізілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Ведомствоның баспасөз қызметің мәліметінше, іздеу жұмыстарына "Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" республикалық орталық штабы" ЖШС Қарағанды филиалының тау-кен құтқарушылары жұмылдырылды.

    Қала әкімдігі іздеу жұмыстары тәулік бойы жүргізілгенін мәлім етті.

    "Костенко атындағы шахтада 6 қарашада сағат 20.00-де кенші Александр Валерьевич Прокудиннің денесі табылып, жер бетіне шығарылды", - делінген хабарламада.

    Айта кетейік, Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов үкімет отырысында іздестіру-құтқару жұмыстары барысында 45 кеншінің денесі және алдын ала болжам бойынша қаза тапқан 46-адамның дене бөлшектері табылғанын мәлімдеген еді.

    Естеріңізге сала кетейік, 28 қазан күні Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада жарылыс болды. Апат кезінде шахтада 252 адам болған, олардың 205-і жер бетіне шығарылған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.