jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Қостанай шетінде жеке сектордағы үйлерді су басты

    Қостанай, жеке тұрғын үй секторы
    Қостанайда жеке тұрғын үй секторында жертөлелерді су басты. Видеодан кадр: youtube.com/@astanatv8263

    Қостанайда жеке сектордағы 40-қа жуық үйдің жертөлесі суға толып,тұрғындарға қиындық туғызып отыр. Жауапты мекеме өкілдері су сорғызу жұмыстарын жүргізіп жатқанын айтты, деп хабарлайды Аstana TV арнасы.

    Телеарна мәліметінше, тұрғындар бір ай бойы сумен арпалысуда. Ылғал тартқан баспаналардың қабырғасы жарылып, іргетасы үгітіле бастаған.

    Қостанай-2 шағын ауданын жиырма жылға жуық мекендейтін Лилия Лискеева бұрын-соңды қарашада қара су баспағанын айтады.

    "Менің жасым сексенде. Үйімді жөндеуге жағдайым да, күшім де жоқ. Мүмкін біреулер жәрдем көрсетіп қалар. Комиссия құру керек шығар. Не істерімді білмеймін? Бірақ бұл мәселені шұғыл шешу керек", - дейді зейнеткер Лилия Лискеева.

    Телеарна тілшісі бұл маңайдағы қырыққа жуық баспанаға су кіргенін жеткізді. Тұрғындардың айтуынша, жазда төселген тас жолдың жиегінде суағар жүйесі жоқ. Сондықтан жаңбыр жауса болды, жертөле суға толып, едені шылқып кетеді дейді.

    Шағын ауданда штаб құрылып, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Жауапты мекеме өкілдері жедел штаб жұмыс істейтінін атап өтті.

    "4 күн су болған жоқ. Бүгін міне тағы су келе бастады. Тұрғындардан өтінім түсе сала, сорғызу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. 3 сараптама жасалды. Құбырдың суы емес. Жерасты суы екенін көрсетіп отыр", - деді қалалық ТЖ бөлімінің басшысы Ерлан Кенебаев.

    Жұртшылық жол жиегіне суағар өткізбей, бұл проблемадан құтылмаймыз деп отыр. Ал әкімдік өкілдері әлгі жұмыстар келесі жылдың жоспарына енгізілгенін айтты.

    Қостанай шетінде жеке сектордағы үйлерді су басты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.