jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист
    Ардақ Құлтай
    Ардақ Құлтай
    Бұрынғы қызметкер

    "10 адамның жеке басы анықталды": Досаев хостелден шыққан өртке қатысты пікір білдірді

    Ерболат Досаев
    Ерболат Досаев оқиға орнында. Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Алматы әкімі Ерболат Досаев хостелден шыққан өрт туралы БАҚ өкілдеріне пікір білдірді. Қала әкімі жертөледе хостелдің орналасуына қатысты тергеу жүргізілетінін айтты. Сондай-ақ 10 адамның жеке басы анықталғанын мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    "Жертөледе асхана, жүк сақтау бөлмесі, қойма орналасуы керек. Қазір бәрін тергеу анықтайды", - деді Ерболат Досаев.

    Қала әкімінің айтуынша, қаза тапқандардың көпшілігі Қазақстан азаматтары.

    "Қайтыс болған 10 адамның жеке басы анықталды: оның 8-і Қазақстан, біреуі Ресей, біреуі Өзбекстан азаматы. Қалған үшеуінің жеке басы анықталып жатыр.

    Құтқарушылар қайтыс болғандардың қасында пәкістандықтарды көріп, қаза болғандардың азаматтығына қатысты қателік жіберген. Олардың бірі Пәкістаннан келген студент екені анық", - деді қала әкімі.

    Қала әкімі қажетті шаралар қабылданатынын айтты.

    "10 адамның жеке басы анықталды": Досаев хостелден шыққан өртке қатысты пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.