jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Тоғызы – қазақстандық": Алматыдағы хостелде қаза тапқан барлық азаматтың жеке басы анықталды

    өрт болған хостел
    Хостел. Фото: KAZ.NUR.KZ

    Алматыдағы хостелде өрт салдарынан қаза тапқан азаматтардың жеке басы анықталды. Бұл туралы қалалық полиция департаментінен хабарлады.

    Алматы қалалық полиция департаменті өкілдері қайтыс болған 13 адамның барлығының кім екені анықталғанын мәлім етті.

    "Қайтыс болған 13 адамның төртеуі шетелдік (Ресей федерациясының 2 азаматы және Өзбекстанның 2 азаматы), қалған 9-ы - Қазақстан азаматтары", - делінген хабарламада.

    Полиция сот-медициналық сараптама тағайындады.

    Бұған дейін полиция хостелден шыққан өртке қатысты Қылмыстық кодекстің 292-бабы "Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бойынша іс қозғалғанын мәлім еткен болатын. Аталған бап бойынша кінәлі деп танылғандарға 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

    "Тоғызы – қазақстандық": Алматыдағы хостелде қаза тапқан барлық азаматтың жеке басы анықталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.