jitsu gif
Оқыс оқиға

    Ақтау тұрғындары жер сілкінісін сезді

    Жер сілкінісі
    Жер сілкінісінен пайда болған жарықшақ. Көрнек фото: pixabay.com

    Бүгін, 7 желтоқсанда Ақтау тұрғындары жер сілкінісін сезді. Жер сілкінісінің ошағы Әзербайжан аумағында орналасқан, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазақстанның ТЖМ "СТӘЭ" ЖШС сейсмикалық станциялар желісіне сілтеме жасап.

    Қазақстанның ТЖМ "СТӘЭ" ЖШС сейсмикалық станциялар желісінің мәліметінше, 2023 жылғы 7 желтоқсанда Алматы уақытымен 10 сағат 15 минут 40 секундта жер сілкінісі тіркелген.

    Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан солтүстік-батысқа қарай 2289 км жерде Әзербайжан, Каспий теңізі аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің магнитудасы – 5.7.

    Зілзала ошағы 35 км тереңдікте екені айтылады.

    МSК-64 шкаласы бойынша Ақтауда 3 балдық жер сілкінісі сезілген.

    Сондай-ақ Әзербайжанның Азери-Пресс агенттігінің жазуынша, жер сілкінісі Әзербайжан астанасы Бакуде, сонымен қатар оған жақын аудандар да сезілген.

    Әзербайжан ТЖМ өкілдерінің хабарлауынша, жер сілкінісі салдарынан қирау мен құрбандар болмаған.

    Ақтау тұрғындары жер сілкінісін сезді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.