Алматы облысында қарлы боран мен аязда адасып қалған екі шопан табылды
Жарияланған күні:

12 желтоқсанда Алматы облысының құтқарушылары үскірік аяз бен қарлы боранда далада адасып кеткен екі шопанды құтқарды, хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі ресми сайтында.
Ведомство мәліметінше, 11 желтоқсанда сағат 22:03-те Алматы облысының Жамбыл ауданында бір отар қойды баққан екі шопанның жоғалғаны туралы хабар келіп түскен. Құтқарушыларда болжамды геолокацияда ғана болған себебі жоғалған адамдармен байланыс үзілген. Республикалық жедел-құтқару жасағының 10 адамнан тұратын жедел құтқару тобы, оның ішінде 1 кинологиялық есеп өтімдігі жоғары үш автотехникамен ер адамдарды іздеуге шықты. Базадан іздеу орнына дейінгі арақашықтық 138 км құраған.
"Сағат 02.40-да құтқарушылар шопандарды Жартас ауылы ауданында даладан іздеуге кірісті. Іздеу операциясы жүргізілген кезде далада қатты жел, боран, аяз болды.
Сағат 09.55-те жоғалған бірінші шопан табылды, сағат 10.15-те екінші шопан да табылды. Екеуі де Жартас ауылы ауданында даладан табылды. Бақытымызға орай, адамдар қатты аязға қарамастан үсіп қалмаған, зардап шеккен жоқ", - делінген хабарламада.
Шопандар далада бағытын жоғалтып, адасып кеткен екен. Осылайша 1984 және 1982 жылы туған екі адам құтқарылды.
ТЖМ мұндай жағдайда 112 немесе 8(727) 372-15-60 (Республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші-диспетчерлік бөлімі) қоңырау шалу қажеттігін еске салды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2050531-almaty-oblysynda-qarly-boran-men-ayazda-adasyp-qalgan-eki-sopan-tabyldy/