jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    "Қысқы субұрқақ": Көкшетауда жолдың қақ ортасында су атқылады (видео)

    Көкшетауда су атқылады
    Көкшетауда су атқылады. Видеодан кадр: instagram/7162akimdigi

    Желіде Көкшетау көшелерінің бірінде атқылаған "қысқы субұрқақтың" видеосы тарап жатыр. Бұл оқиғаға қатысты қала әкімдігі өкілдері түсінік берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Желіде жарияланған видеокадрларда жол бойында 2-3 метрдей биіктікке дейін су атқылаған. Бұл жайт бойынша Көкшетау әкімдігінің өкілдері пікір білдірді.

    "Назарбаев көшесінде гидранттарда ақау шықты. Қазіргі уақытта ақаудың себептері анықталып, жою бойынша жұмыстары жүргізілуде. Қала тұрғындарынан пайда болған олқылықтар үшін кешірім сұраймыз", - делінген хабарламада.

    Оқиға орнына Көкшетау қаласының әкімі Бауыржан Ғайса барып, ақаудың себептерін білді.

    "Ақауды жоюға "Су арнасы" мекемесі мен Өрт сөндіру қызметкерлері жұмылдырылды. Қазіргі уақытта су серпіні тоқтатылды, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде", - деп хабарлады әкімдіктен.

    "Қысқы субұрқақ": Көкшетауда жолдың қақ ортасында су атқылады (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.